ДІН ИСЛАМ - ДІҢГЕГІМ☝
Шүкір деймін.
Шүкір деймін, өмірді сүргеніме,
Жерді басып, адымдап жүргеніме.
Шүкір деймін, әйтеуір, барлығына,
Қайғылы да , көңілді күндерімде.
Шүкір деймін, жазылған өлеңіме,
Қарамаймын, мен оның көлеміне.
Төрт жолың да, жыр болар, жанға дауа,
Даналықтың қазылған тереңінде.
Шүкір деймін, Аллаға, барлығына,
Көніп өтем, ата- ана жарлығына.
Жетім етпей, жетелі тәлім берген,
Шүкір деймін, дендері саулығына.
Шүкір деймін, қазақтың елдігіне,
Дархан дала, жерімнің кеңдігіне.
Шүкір деймін, ту тіккен тұғырына,
Түкірмеймін, су ішкен құдығыма.
Шүкір деймін, тілімнің сақталғанын,
Жүрегімде жыр болып, жатталғанын.
Шүкір деймін, бабамның демі кіріп,
Ерліктері тарихта сақталғанын.
Шүкір деймін, дін менен дәстүріме,
Дайын басым, ел үшін бас тігуге.
Оттан ыстық- отанды, бердің, Алла,
Хақым жоқ, менің оны қас көруге.
Шүкір деймін, өмірде барлығына,
Өкінбеймін дүние тарлығына.
Үнім шығар , бір күні өлеңменен.
Әзір менің тамағым қарлығуда.
Шүкір деймін, алайда, барлығына.